ТРЕНДТЕҰЛТТЫҚ СПОРТ

Қазақстан көкпаршылары Қырғызстанды жеңіп, халықаралық турнирде топ жарды

Өзбекстанның Бұхара қаласында өткен көкпардан халықаралық турнирдің финалында Қазақстан құрамасы Қырғызстанды 3:0 есебімен жеңіп, бас жүлдені иеленді.

Шешуші кездесуде қазақстандық көкпаршылар сенімді ойын көрсетіп, қарсыласына мүмкіндік бермеді. Осылайша, ұлттық құрама турнир жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, финалдық матч бейтарап алаңда ұйымдастырылып, кездесуге өзбекстандық төрешілер қызмет етті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button