БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогында екінші медалін алды

Франция астанасы Парижде өтіп жатқан әртістік жүзуден Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасы тағы бір жүлдеге қол жеткізді.

Аралас дуэттер арасындағы техникалық бағдарламада Ясмин Исламова мен Алдияр Рамазанов 211.1267 ұпай жинап, күміс медаль иеленді.

Алтын жүлде ресейлік жұпқа бұйырса, қола медаль колумбиялық спортшылардың еншісіне тиді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін Виктор Друзин қола жүлдегер атанған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button