ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Самоделкина әлем чемпионатында 12-орынмен аяқтады

Прагада (Чехия) өткен мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында әйелдер арасындағы жарыс мәресіне жетті.

Қазақстан атынан өнер көрсеткен Софья Самоделкина жарысты 12-орынмен аяқтады. Ол еркін бағдарламада 120.58 ұпай жинап, жалпы есепте 187.53 ұпайға қол жеткізді.

Чемпионаттың жеңімпазы жапониялық Каори Сакамото атанды. Ол 238.28 ұпай жинап, әлем чемпионатындағы төртінші алтын медалін иеленді.

Күміс жүлдені Моне Чиба алса, қола медаль бельгиялық Нина Пинцарроне еншісіне тиді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button