
Франция астанасы Парижде өтіп жатқан әртістік жүзуден Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасы алғашқы медалін жеңіп алды.
Техникалық бағдарламада Виктор Друзин 226.6050 ұпай жинап, қола жүлдеге ие болды.
Алтын медальді Қытай өкілі Го Муе жеңіп алса, күміс жүлде Ұлыбритания спортшысы Ранджуо Томблин еншісіне тиді.
Бұл бағдарламада тағы бір қазақстандық Эдуард Ким жүлдеге бір қадам жетпей, төртінші орынға тұрақтады.



