БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстандық велошабандоздар Азия чемпионатында алтын алды

Филиппиннің Тагайтай қаласында өтіп жатқан тректегі велоспорттан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы кезекті алтын медальге қол жеткізді.

Жасөспірімдер арасындағы мэдисон жарысында Әнел Тәшбай мен Аружан Қабдулова үздік нәтиже көрсетіп, чемпион атанды.

Бұл сайыста күміс медаль Өзбекстан құрамасына бұйырса, қола жүлдені Тайбэй спортшылары иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін де қазақстандық қыздар командалық із кесу жарысында алтын медаль жеңіп алған болатын. Ол құрамда Виталина Хоружая, Әлия Букаева және Әйгерім Смайлқанова да өнер көрсеткен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button