ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Самоделкина әлем чемпионатында қысқа бағдарламада 12-орын алды

Прагада (Чехия) өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында әйелдер арасындағы қысқа бағдарлама нәтижелері белгілі болды.

Қазақстан атынан сынға түскен Софья Самоделкина төрешілер бағалауымен 66.95 ұпай жинап, аралық есепте 12-орынға жайғасты.

Қысқа бағдарламадан кейін көш басында жапониялық Каори Сакамото тұр. Екінші орынды оның отандасы Моне Чиба иеленсе, үздік үштікті америкалық Эмбер Гленн түйіндеді.

Еркін бағдарлама 27 наурыз күні өтеді. Бәсеке Астана уақытымен 22:00-де басталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button