ФУТБОЛ
Қазақстан U-18 құрамасы Тбилисиде екі матч өткізеді

Қазақстанның 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Грузия астанасы Тбилисиде оқу-жаттығу жиынын өткізеді.
Жиын 26-30 наурыз аралығына жоспарланған. Осы кезеңде команда Грузияның жасөспірімдер құрамасына қарсы екі жолдастық матч өткізеді. Ойындар 28 және 30 наурыз күндері өтеді.
Құрамаға бас бапкер Тимур Қасымов 25 футболшыны шақырды. Тізімге еліміздің түрлі клубтарынан жас ойыншылар енген.
Айта кетейік, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алдағы 2026/27 жылғы U-19 Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындық жүргізіп жатыр. Бұл іріктеу матчтары Грекияда өтеді.



