
Қазақстан ұлттық құрамасы FIFA Series 2026 турниріндегі алғашқы матчында Намибияны 2:0 есебімен жеңді.
Ойында есепті 12-минутта Ян Вороговский ашса, 79-минутта Әлібек Қасым есепті еселеп, матчтың нүктесін қойды. Екі гол да стандартты жағдайдан соғылды.
Талғат Байсуфинов шәкірттері турнирдегі келесі кездесуін 31 наурыз күні Комор аралдарына қарсы өткізеді.



