ТРЕНДТЕФУТБОЛ

ҚПЛ-дың 3-туры: матчтар кестесі белгілі болды

Қазақстан Премьер-лигасының үшінші тур ойындары 20–22 наурыз аралығында өтеді.

Тур аясында жанкүйерлерді бірнеше қызықты матч күтіп тұр. 20 наурыз күні «Қызылжар» өз алаңында «Ертісті» қабылдаса, «Атырау» мен «Жеңіс» кездеседі. Сондай-ақ «Ордабасы» – «Қайсар» және «Астана» – «Тобыл» матчтары жоспарланған.

21 наурызда «Оқжетпес» пен «Ұлытау» өзара мықтыны анықтайды. Ал Талдықорғанда «Жетісу» «Қайратты» қабылдайды. Бұл күні тағы бір тартысты ойын – «Ақтөбе» мен «Елімай» арасындағы кездесу.

Тур 22 наурызда «Алтай» мен «Каспий» арасындағы матчпен қорытындыланады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button