ТРЕНДТЕҰЛТТЫҚ СПОРТ

Көкпардан әлем чемпионаты: жартылай финалға шыққан командалар анықталды

Түркістан қаласында өтіп жатқан көкпардан әлем чемпионатында жартылай финалға жолдама алған командалар белгілі болды.

А тобында үш ойында да жеңіске жетіп, 27 салым салған Қазақстан құрамасы бірінші орынмен келесі кезеңге өтті. Өзбекстан құрамасы топта екінші орын алып, жартылай финалға шықты.

В тобында қарсыластарына бірде-бір салым салдырмаған Ауғанстан құрамасы көш бастады. Ресей құрамасы екінші орынмен үздік төрттікке жолдама алды.

20 наурыз күні Түркістандағы атшабарда жартылай финалдық кездесулер өтеді. Ал 21 наурызда жүлделі орындар сарапқа салынып, чемпион анықталады.

Айта кетейік, әлем чемпионатына Ауғанстан, Қытай, Мажарстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркия және Қазақстан құрамалары қатысып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button