ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ
Қазақстандықтар Польшадағы турнирде тағы үш медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы шаңғымен тұғырдан секіруден Польшаның Закопане қаласында өтіп жатқан Orlen Cup халықаралық турнирінде тағы үш жүлдеге қол жеткізді.
Ересектер арасындағы жарыста Сергей Ткаченко үздік нәтиже көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды.
U21 санатында Даниил Калинкин үшінші орынға ие болып, қола жүлдегер атанды. Ал 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында Артем Мешков та үздік үштікке еніп, қола медаль иеленді.
Айта кетейік, бұған дейін жасөспірімдер арасында Керейхан Қабдулла алтын медаль жеңіп алса, Александр Филоненко қола жүлдеге ие болған еді.


