ДЗЮДО

Қазақстандық дзюдошылар Хорватиядағы Еуропа кубогында бақ сынайды

Қазақстан құрамасы дзюдодан Хорватияның Дубровник қаласында өтетін Еуропа кубогына қатысады.

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) спортшылардың алдын ала тізімін жариялады.

Қазіргі таңда қатысушылар тізіміне тоғыз қазақстандық спортшы енген.

Ерлер құрамасы:
60 келіге дейін – Дамир Болатбеков
66 келіге дейін – Қанат Сейілхан
73 келіге дейін – Данияр Шамшаев, Айбек Жақашов
81 келіге дейін – Қанат Әбітұлы
90 келіге дейін – Дидар Хамза
100 келіге дейін – Ермұхан Естай

Әйелдер құрамасы:
48 келіге дейін – Сымбат Тағай
78 келіден жоғары – Толқын Тұрсынақынова

Еуропа кубогы 28–29 наурыз күндері өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button