
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов наурыз айында өтетін FIFA Series 2026 турниріне шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялады.
Құрамға барлығы 26 футболшы енді.
Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Мұхамеджан Сейсен («Астана»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»).
Қорғаушылар: Сергей Малый («Ордабасы»), Александр Мрынский, Александр Широбоков, Еркін Тапалов (бәрі – «Қайрат»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Ян Вороговский, Әлібек Қасым (екеуі де – «Астана»), Арсен Әшірбек («Елімай»), Мейрамбек Қалмырза («Тобыл»), Әділет Кеңесбек, Сағи Совет (екеуі де – «Қайсар»).
Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Елімай»), Айбол Әбікен («Қайсар»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Дінмұхамед Қараман («Астана»).
Шабуылшылар: Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де – «Ахмат», Ресей), Ислам Чесноков («Хартс», Шотландия), Жаслан Жұмашев («Тобыл»), Иван Свиридов («Елімай»), Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Нұрдәулет Ағзамбаев («Қайсар»).
Сонымен қатар құраманың бапкерлер штабы да белгілі болды. Бас бапкер – Талғат Байсуфинов. Оған Иван Азовский, Марат Еслямов және Елдос Ахметов көмекшілік етеді. Қақпашылар бапкері – Юрий Новиков, дене даярлығы бойынша бапкер – Мұхтар Ерімбетов, сарапшы – Тимур Құсайынов.
Медициналық және техникалық штаб құрамында Нұрлан Биттұғылов (дәрігер), Бауыржан Абаев және Біржан Оразғалиев (физиотерапевтер), Алексей Ильяшин мен Евгений Карнаухов (массажистер), Қуаныш Мұханбет (менеджер), Михаил Әубәкіров (әкімші), Максим Шауберт (kit-менеджер) бар.



