ТЕННИСТРЕНДТЕ

Қазақстан – Канада: Билли Джин Кинг кубогына қатысатын құрамалар белгілі болды

10–11 сәуір күндері Астанада Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Канада құрамалары өзара кездеседі.

Командалар әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама үшін бақ сынайды.

Қазақстан құрамасы:

  • Анна Данилина (жұптық сында WTA №6)
  • Юлия Путинцева (WTA №76)
  • Жібек Құламбаева (жұптық сында №178)
  • Аружан Сағандықова (WTA №871)
  • Соня Жиенбаева (WTA №1018)

Айта кетейік, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина бұл кездесуге қатыспайды. Мұндай шешім Қазақстан теннис федерациясы мен спортшының жаттықтырушылар штабының келісімімен қабылданған. Биыл Рыбакина үшін басты мақсат – әлемдік рейтингте көшбасшылық үшін күресу.

Канада құрамасы:

  • Виктория Мбоко (WTA №10)
  • Габриэла Дабровски (жұптық сында №2)
  • Марина Стакусич (WTA №130)
  • Бьянка Андрееску (WTA №165)
  • Кайла Кросс (WTA №194)

Аталған кездесудің жеңімпазы командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне тікелей жолдама алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button