ҚЫСҚЫ СПОРТ

Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында Қазақстан намысын екі спортшы қорғайды

Прагада (Чехия) мәнерлеп сырғанаудан өтетін әлем чемпионатында Қазақстан атынан екі спортшы өнер көрсетеді.

Әлем біріншілігі 25–29 наурыз аралығында ұйымдастырылады. Халықаралық конькишілер одағының мәліметіне сәйкес, жарысқа Қазақстан құрамасынан Софья Самоделкина мен Диас Жиренбаев қатысады.

Аталған додада қазақстандық жанкүйерлер осы екі спортшының өнерін тамашалай алады.

Айта кетейік, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров бұл әлем чемпионатына қатыспайды. Ол тығыз жарыс кестесінен кейін қалпына келу үшін үзіліс алуды жөн көрген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button