ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ
Қазақстандық спортшылар Польшадағы турнирде екі медаль жеңіп алды

Польшаның Закопане қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден Orlen Cup халықаралық турнирі өтті, деп.
Жарыста қазақстандық спортшы Керейхан Қабдулла жасөспірімдер арасындағы HS-70 тұғырында сәтті өнер көрсетіп, 251,5 ұпай жинап чемпион атанды.
Күміс жүлдені польшалық Милош Маляж иеленді. Оның нәтижесі – 249,6 ұпай.
Ал тағы бір қазақстандық спортшы Александр Филоненко 242,3 ұпаймен үшінші орынға ие болып, қола медаль жеңіп алды.
Осылайша Қазақстан құрамасының өкілдері Польшада өткен халықаралық турнирде бір алтын және бір қола медаль иеленді.



