ТЕННИСТРЕНДТЕ

Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанды

Қазақстанның жетекші теннисшісі Елена Рыбакина Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жаңартылған әлемдік рейтингінде екінші орынға көтерілді.

Жаңартылған тізім бойынша қазақстандық спортшы үшінші орыннан жоғарылап, мансабындағы ең үздік нәтижеге қол жеткізді.

Бұл көрсеткішке Рыбакина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өткен Indian Wells Open турниріндегі табысты өнерінің арқасында жетті. WTA 1000 санатындағы ірі жарыста ол финалға дейін жеткен болатын. Алайда шешуші кездесуде әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкодан (Беларусь) жеңілді.

Қазіргі уақытта Елена Рыбакинаның еншісінде 7783 ұпай бар. Ал рейтингтің көш басында тұрған Арина Соболенкода 11025 ұпай. Үшінші орында польшалық Ига Швёнтек орналасқан – 7413 ұпай.

Айта кетейік, Индиан-Уэллс турнирінен кейін тағы бір қазақстандық теннисші Анна Данилина да рейтингте жоғарылады. Жұптық сайыста ол төртінші орынға көтеріліп, мансабындағы ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button