
Қазақстан құрамасының спортшысы Зейнолла Ыдырысов Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды.
Қазақстандық гимнаст ат снарядындағы жаттығуда сәтті өнер көрсетіп, финалда 13.733 ұпай жинады. Бұл нәтиже оған жарыстың екінші орнын иеленуге мүмкіндік берді.
Алтын медаль Ирландия өкілі Рис Маккленаганға бұйырды. Ол 13.900 ұпай жинады. Үшінші орынды оның отандасы Джеймс Хикки иеленді – 13.566 ұпай.
Айта кетейік, осы турнир аясында қол тіреп секіру жаттығуының финалында тағы бір қазақстандық спортшы Роман Маменов өнер көрсетеді.



