БОКСТРЕНДТЕ

Қазақстан құрамасы Futures Cup турнирін төрт алтын медальмен аяқтады

Қазақстандық боксшылар Таиландтың Бангкок қаласында өткен жастар арасындағы Futures Cup турнирін табысты аяқтады. World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өткен жарыста Қазақстан құрамасы жалпы 11 медаль жеңіп алды.

Кешкі сессияның қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар бір алтын және үш күміс медаль иеленді.

Бейбарыс Әшірбай 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда Қырғызстан өкілі Ахмади Арвазды жеңіп, чемпион атанды.

Ал Камила Оспанова (70 кг дейін) финалда италиялық Сара Скорраноға жол беріп, күміс медаль алды.
Сол сияқты Тимур Тайбеков (80 кг дейін) финалда грузиялық Давит Мхитцадзеден жеңілді.
Владислав Саможонов (+90 кг) ақтық жекпе-жекте Өзбекстан өкілі Ислам Салиховтан есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды.

Осылайша Қазақстан құрамасы турнирді 4 алтын, 4 күміс және 3 қола медальмен аяқтады.

Бұған дейін Досжан Жұмақан (60 кг дейін), Хамза Мақсатұлы (75 кг дейін) және Айдана Убайдуллақызы (80 кг дейін) алтын медаль жеңіп алған болатын.
Ал Жалғас Утебеков (90 кг дейін) күміс жүлдеге ие болды.

Қола медальдарды Ақнұр Тұрсынғали (57 кг дейін), Зарина Толыбай (75 кг дейін) және Нұрсұлтан Қыстаубай (85 кг дейін) еншіледі.

Сурет: Қазақстан бокс федерациясы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button