
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің финалына жолдама алды.
Жартылай финалда қазақстандық спортшы украиналық Элина Свитолинаны екі сет қорытындысы бойынша жеңді. Кездесу 7:5, 6:4 есебімен Рыбакинаның пайдасына аяқталды.
Осылайша Қазақстанның бірінші ракеткасы турнирдің шешуші кезеңіне өтті.
Финалда Елена Рыбакина Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездесіп, чемпиондық атақ үшін бақ сынайды.



