БОКСТРЕНДТЕ

World Boxing Futures Cup: қазақстандық боксшылардың кезекті нәтижелері

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан World Boxing Futures Cup (U19) турнирінде қазақстандық боксшылардың бірқатары жартылай финалға жолдама алды.

60 келі салмақта Жасмин Абрамян нидерландылық Лиз Тейссеннен 1:4 есебімен жеңіліп, жарысты аяқтады.

50 келіде Арман Мырсабит украиналық Михайло Сидоренкодан 2:3 есебімен жеңіліп, турнирден шығып қалды.

70 келі салмақта Бейбарыс Әшірбай америкалық Асанте Ламарды 3:2 есебімен жеңіп, жартылай финалға өтті.

85 келіде Нұрсұлтан Қыстаубай тәжікстандық Жахонгир Рузибоевты бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.

57 келі салмақта Ақнұр Тұрсынғали алжирлік Бесма Бахриді 4:0 есебімен ұтып, жартылай финалға шықты.

65 келіде Айсұлу Мұхит америкалық Лаурин Илмордан 0:5 есебімен жеңіліп, жарысты аяқтады.

60 келіде Досжан Жұмақан жекпе-жексіз жартылай финалға өтті. Оның қарсыласы, словакиялық Кристиан Харасник, салмақ межесін орындай алмаған.

75 келіде Хамза Мақсатұлы тәжікстандық Исфандиор Хасимовты бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

80 келі салмақ дәрежесінде Тимур Тайбеков вьетнамдық Тронг Тиен Нгуенді екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Осылайша Қазақстан құрамасының бірқатар боксшылары турнирдің шешуші кезеңдерінде жүлде үшін күресті жалғастырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button