ДЗЮДО

Қазақстандық дзюдошылар Варшавадағы European Open турнирінде бақ сынайды

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Польшаның Варшава қаласында өтетін European Open 2026 турниріне қатысатын спортшылардың тізімін жариялады. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасының балуандары да татамиге шығады.

Ерлер құрамасы:

60 келіге дейін: Сұңғат Нұрлатұлы, Нұрдәулет Мейрамбеков, Асылхан Зейнуллин, Тоқтар Үмітәлиев
66 келіге дейін: Мейірбек Байзақов, Нұрсұлтан Зайзағалиев, Ақжігіт Насыр
73 келіге дейін: Мәди Жеткерген, Ерсұлтан Дүйсенхан
81 келіге дейін: Азат Күмісбай, Жалғас Қайролла, Айғали Қалдыбек, Ерзат Арғынов
90 келіге дейін: Ақжол Дүйсенбаев, Данил Крылов, Айбол Нысанәлі
100 келіге дейін: Асқар Біржанов
100 келіден жоғары: Санжар Жабборов

Әйелдер құрамасы:

48 келіге дейін: Тасним Әбдуәлі, Іңкәр Құралбай, Аяна Дүйсенбай
52 келіге дейін: Меруерт Сәрсенова, Аружан Ережепова
57 келіге дейін: Карина Қаракенова
63 келіге дейін: Асылжан Орынбасарова, Самалай Ерғалиева, Ханзада Қайратова, Дәмелі Асылханова
70 келіге дейін: Мөлдір Нарынова, Кристина Сотникова
78 келіге дейін: Шынар Абатова, Аруна Жангельдина
78 келіден жоғары: Камила Берліқаш

Айта кетейік, European Open 2026 турнирі 14–15 наурыз күндері Варшавада өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button