
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды.
Ширек финалда қазақстандық спортшы америкалық Джессика Пегуламен кездесіп, екі сетте жеңіске жетті. Кездесу 6:1, 7:6 есебімен Рыбакинаның пайдасына аяқталды.
Осылайша Қазақстанның бірінші ракеткасы турнирдің жартылай финалына шықты. Келесі кезеңде ол украиналық Элина Свитолинамен финал жолдамасын сарапқа салады.
Айта кетейік, рейтинг ресми түрде жаңартылғаннан кейін Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанбақ.



