БОКСТРЕНДТЕ

World Boxing Futures Cup: қазақстандық боксшылардың кезекті нәтижелері

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан World Boxing Futures Cup (U19) турнирінде қазақстандық боксшылар кезекті жекпе-жектерін өткізді.

57 келі салмақ дәрежесінде Ақнұр Тұрсынғали италиялық Кесиа Рилиді тартысты кездесуде жеңді. Қазақстандық боксшы алғашқы раундта 0:5 есебімен қалып қойғанымен, кейін қарқынын арттырып, жекпе-жекті 3:2 есебімен өз пайдасына аяқтады.

60 келіде Жасмин Абрамян жапониялық Айано Мочиді сенімді түрде жеңіп, 5:0 есебімен басым түсті.

70 келі салмақта Бейбарыс Әшірбай кореялық Джунхю Юді бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

65 келіде Айсұлу Мұхит австралиялық Тиана Рюден айқын басым түсіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Ал осы салмақта өнер көрсеткен Даниял Шалқарбай украиналық Ростислав Хородинскийден 1:4 есебімен жеңіліп қалды.

75 келі салмақ дәрежесінде Хамза Мақсатұлы австралиялық Жидеон Сансон Таулиалианы 3:0 есебімен жеңді.

80 келіде Тимур Тайбеков өзбекстандық Асилбек Абдусамадовты 4:1 есебімен ұтты.

Аса ауыр салмақта (+90 кг) Владислав Саможонов америкалық Калеб Стюард Рейдті жеңіп, финалға жолдама алды. Жекпе-жек екінші раундта қарсыласының қабағы жарылып, дәрігер шешімімен тоқтатылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button