ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Қазақстан құрамасының FIFA Series 2026 турниріне арналған кеңейтілген тізімі жарияланды

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов наурыз айында өтетін FIFA Series 2026 турниріне шақырылған футболшылардың кеңейтілген тізімін жариялады.

Турнир 25-28 наурыз аралығында Астанадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Жарыс төрттік финал форматында ұйымдастырылады. Алғашқы матчта Қазақстан құрамасы Комор аралдарына қарсы ойнайды. Ал екінші кездесуде Кувейт немесе Намибия құрамаларының бірімен жолығуы мүмкін.

Ұлттық құраманың кеңейтілген тізіміне барлығы 50 ойыншы енді.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфиновтың айтуынша, бапкерлер штабы 13-25 ақпан аралығында Түркияда Премьер-лига клубтарының оқу-жаттығу жиындары кезінде селекциялық жұмыстар жүргізген. Бұл жұмысқа U-21 және U-19 құрамаларының аға бапкерлері де қатысқан.

«Клуб бапкерлерімен сөйлесіп, бақылау матчтарын қарап, ұлттық құрамаға үміткерлерді анықтадық. FIFA талаптарына сәйкес 1 наурызға дейін 50 футболшыдан тұратын кеңейтілген тізімді жібердік. Сол тізімнің ішінен FIFA Series 2026 турниріне 26 ойыншы тіркеледі», – деді бас бапкер.

Оның сөзінше, бапкерлер штабы Қазақстан Премьер-лигасының алғашқы турларындағы матчтарды да жіті бақылаған. Ойыншылардың алаңда өткізген уақыты мен ойын барысындағы іс-қимылы негізгі назарға алынған.

«Екінші тур аяқталғаннан кейін турнирге қатысатын нақты құрамды бекітеміз деп жоспарлап отырмыз. Үшінші тур 22 наурызда аяқталады, ал 25-інде алғашқы матчымыз бар. Сондықтан командаға ұзақ дайындалуға уақыт болмайды. Сол себепті соңғы тізімге дәл қазір ең жақсы ойын бабында жүрген және матчтарға толық дайын футболшылар енгізіледі», – деді Талғат Байсуфинов.

Кеңейтілген тізім:

Қақпашылар:
Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»).

Қорғаушылар:
Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов (екеуі де – «Ордабасы»), Александр Мрынский, Александр Широбоков, Еркін Тапалов (бәрі – «Қайрат»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Ян Вороговский, Әлібек Қасым (екеуі де – «Астана»), Әділбек Жұмаханов, Арсен Әшірбек (екеуі де – «Елімай»), Наурызбек Жагоров, Мейрамбек Қалмырза (екеуі де – «Тобыл»), Әділет Кеңесбек, Сағи Совет (екеуі де – «Қайсар»), Дінмұхаммед Қашкен («Жетісу»), Санжар Сатанов («Атырау»), Сағадат Тұрсынбай («Жеңіс»), Бағдат Қайыров («Ақтөбе»), Амандық Нәбиханов («Каспий»).

Жартылай қорғаушылар:
Рамазан Оразов, Жан-Әли Пайруз, Алмас Төлібай (бәрі – «Елімай»), Әділет Садыбеков, Дамир Қасабулат (екеуі де – «Қайрат»), Айбол Әбікен, Ерсұлтан Қалдыбеков (екеуі де – «Қайсар»), Зикрилло Сұлтаниязов («Ордабасы»), Дамир Марат, Александр Зуев (екеуі де – «Тобыл»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Дінмұхамед Караман («Астана»), Георгий Жуков («Ақтөбе»).

Шабуылшылар:
Дастан Сәтпаев, Рамазан Бағдат (екеуі де – «Қайрат»), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де – «Ахмат», Ресей), Ислам Чесноков («Хартс», Шотландия), Жаслан Жұмашев, Дәурен Жұмат (екеуі де – «Тобыл»), Эльхан Астанов («Ордабасы»), Рамазан Кәрімов («Астана»), Иван Свиридов, Айбар Жақсылықов (екеуі де – «Елімай»), Оралхан Өміртаев («Оқжетпес»), Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Нұрдәулет Ағзамбаев («Қайсар»).

Басқа жаңалықтар

Back to top button