ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Чемпиондар лигасы: алғашқы матчтарда «Бавария», «Атлетико», «ПСЖ» және «Реал» ірі жеңіске жетті

УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы алғашқы ойындар аяқталып, бірнеше команда ширек финалға жолдама алуға бір табан жақындай түсті.

Германияның «Бавариясы» сырт алаңда италиялық «Аталантаны» 6:1 есебімен ойсырата жеңді. Мюнхендік клуб сапынан Серж Гнабри, Майкл Олисе (дубль), Николас Джексон және Джамал Мусиала мергендік танытты.

Стамбұлда «Галатасарай» ағылшынның «Ливерпулін» 1:0 есебімен жеңді. Кездесудегі жалғыз голды жетінші минутта Марио Лемина соқты.

Англияда өткен ойында «Ньюкасл» мен «Барселона» 1:1 есебімен тең түсті. Алаң иелері сапынан Харви Барнс гол соқса, ойынның соңғы секундтарында Ламин Ямаль пенальтиден есепті теңестірді.

Мадридте «Атлетико» лондондық «Тоттенхэмді» 5:2 есебімен жеңді. Испандық клуб сапынан Хулиан Альварес дубль авторы атанды.

Ал келесі ойын күнінде қазіргі чемпион «Пари Сен-Жермен» өз алаңында «Челсиді» 5:2 есебімен ұтты. Қосалқы құрамнан шыққан Хвича Кварацхелия екі гол соғып, матчтың үздік ойыншысы атанды.

«Реал Мадрид» өз алаңында «Манчестер Ситиді» 3:0 есебімен жеңді. Бұл кездесуде Федерико Вальверде хет-трик жасап, мадридтік клубқа айқын басымдық әкелді.

Сондай-ақ норвегиялық «Буде-Глимт» португалиялық «Спортингті» 3:0 есебімен жеңсе, «Байер» мен «Арсенал» арасындағы кездесу 1:1 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, 1/8 финалдың қарымта матчтары 17–18 наурызда өтеді. Турнирдің финалы 2026 жылдың 30 мамырында Будапештте ұйымдастырылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button