ТЕННИСТРЕНДТЕ

Анна Данилина Индиан-Уэллстегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Анна Данилина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирде жартылай финалға жолдама алды.

Данилина сербиялық Александра Круничпен жұптасып, ширек финалда Мирра Андреева (Ресей) мен Виктория Мбоко (Канада) дуэтінен басым түсті. Кездесу 7:6, 6:2 есебімен Данилина мен Круничтің пайдасына аяқталды.

Осылайша қазақстандық-сербиялық жұп WTA турнирлерінде қатарынан жетінші рет жартылай финалға шығып отыр. Айта кетейік, биыл бұл дуэт Australian Open турнирінің финалында ойнап, Дохада өткен WTA 1000 жарысында чемпион атанған еді.

Финал жолдамасы үшін Анна Данилина мен Александра Крунич испаниялық Кристина Букша мен америкалық Николь Меликар жұбымен кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button