ҚЫСҚЫ СПОРТ
Қазақстандық биатлоншылар Отепядағы Әлем кубогы кезеңіне қатысады

Биатлоннан Эстонияның Отепя қаласында өтетін Әлем кубогының кезекті кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды.
Халықаралық жарыс 12–15 наурыз аралығында өтеді.
Ерлер арасындағы бәсекеде Қазақстан намысын Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов, Вадим Куралес және Александр Мухин қорғайды.
Ал әйелдер құрамасы сапында Милана Генева, Айша Ракишева, Дарья Климинa және Лаура Киныбаева өнер көрсетеді.
Айта кетейік, турнирдің алғашқы жарыс күнінде, 12 наурызда, ерлер арасында спринт сайысы өтеді. Бәсеке Астана уақытымен 19:15-те басталады.



