БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан гимнастары Антальядағы Әлем кубогы кезеңіне қатысады

12 наурызда Түркияның Анталья қаласында спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезекті кезеңі басталады.

Бұл жарыста Қазақстан құрамасының алты спортшысы өнер көрсетеді. Ұлттық команда құрамына Нариман Курбанов, Зейнолла Ыдырысов, Роман Маменов, Нұртан Ыдырысов, Амели Мукушева және Амина Халимарден енді.

Халықаралық турнир 15 наурызға дейін жалғасады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Әзірбайжанның Баку қаласында өткен Әлем кубогының алдыңғы кезеңінде Қазақстан құрамасы екі жүлде жеңіп алған болатын. Милад Карими еркін жаттығулар мен кермедегі жаттығуда күміс медаль иеленген еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button