
Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан World Boxing Futures Cup (U19) турнирінде қазақстандық боксшылар кезекті жекпе-жектерін өткізді.
55 келі салмақ дәрежесінде Едіге Нұрқожа түркіменстандық Абдурасул Арслановтан 0:5 есебімен жеңіліп қалды.
70 келіде Бейбарыс Әшірбай иорданиялық Анас Абсоулды екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Аса ауыр салмақта (+90 кг) Владислав Саможонов жаңазеландиялық Ти Ане Ракетені екінші раундта техникалық нокаутпен ұтты.
50 келіде Арман Мырсабит түркіменстандық Абдрахим Овузгулиевті бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.
60 келі салмақ дәрежесінде Досжан Жұмақан өзбекстандық Бобомурад Боймырзаевтан 4:1 есебімен басым түсті.
Ал 65 келіде Даниял Шалқарбай канадалық Сонни Мередисті екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.



