
Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымының алғашқы туры аяқталып, алғашқы статистикалық көрсеткіштер белгілі болды.
Бірінші тур аясында 8 матч өткізіліп, жанкүйерлер 22 голдың куәсі болды. Орта есеппен әр ойында 2,75 гол соғылды.
Тур ойындарын жалпы 48 301 көрермен тамашаласа, бір матчқа орташа есеппен 6038 жанкүйер келген.
Статистика бойынша командалардың пас дәлдігі 78,2% болды. Ал дәл соққылардың үлесі 34,4% көрсеткішті құрады. Бірінші турда 3 матчта қақпаларға гол соғылмады.
Сондай-ақ ойындарда барлығы 30 сары қағаз және 3 қызыл қағаз көрсетілді. Матчтарда орта есеппен 31 фол тіркелген.
Маусымның алғашқы турында алаңға шыққан ойыншылардың орташа жасы 26,3 болды. Ал қазақстандық футболшылардың үлесі 50,9% құрады.
Жалпы алғанда, тур матчтарының жиынтық ойын уақыты 17 080 минут болды.



