
УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі 1/8 финал ойындары 10 наурызда басталады. Бұл кезеңде Еуропаның жетекші клубтары ширек финал жолдамасы үшін өзара кездеседі.
Алғашқы ойын күні «Галатасарай» өз алаңында «Ливерпульді» қабылдайды.
11 наурызға қараған түні үш кездесу өтеді. «Аталанта» «Бавариямен» кездессе, «Атлетико» «Тоттенхэммен» ойнайды. Сондай-ақ «Ньюкасл Юнайтед» өз алаңында «Барселонаны» қабылдайды. Кешкі матчта «Байер» мен «Арсенал» күш сынасады.
12 наурызға қараған түні «Буде/Глимт» «Спортингпен» кездеседі. Сонымен қатар «ПСЖ» «Челсиге» қарсы ойнайды.
Кезеңнің ең тартысты матчтарының бірі ретінде «Реал Мадрид» пен «Манчестер Сити» арасындағы кездесу күтілуде.



