
Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан World Boxing Futures Cup (U19) турнирінде 10 наурыз күні Қазақстан құрамасының бес боксшысы шаршы алаңға шықты.
51 келі салмақ дәрежесінде Айым Таңқыбаева өзбекстандық Назокат Мардановадан 0:5 есебімен жеңілді.
54 келіде Марал Төлепберген үндістандық Джойшри Деви Широммен кездесіп, үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіліс тапты.
Ал 50 келіде Арман Мырсабит грузиялық Шалва Беридзені екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, келесі кезеңге өтті.
48 келі салмақта Асылай Мұрат өзбекстандық Мафтуна Мусурмоноваға қарсы жекпе-жекте екінші раундта төреші шешімімен тоқтатылған кездесуде жеңіліп қалды.
60 келі дәрежесінде Жасмин Абрамян польшалық Мария Горзеланнаны 4:1 есебімен жеңді.
Осылайша жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы екі жеңіс пен үш жеңіліске тіркелді.



