Бангкоктағы лицензиялық турнир: 10 наурызда бес қазақстандық боксшы рингке шығады

Таиландтың Бангкок қаласында бокстан World Boxing Futures Cup (U19) лицензиялық турнирі жалғасып жатыр. Бұл жарыста үздік жас спортшыларға жастар арасындағы Олимпиада ойындарына жолдама беріледі.
10 наурыз күні Қазақстан құрамасынан бес боксшы шаршы алаңға шығады. Жекпе-жектер күндізгі және кешкі сессияларда өтеді.
Күндізгі сессия (09:00) аясында 51 келі салмақ дәрежесінде 1/16 финалда Айым Таңқыбаева өзбекстандық Назокат Мардоновамен кездеседі.
54 келіде 1/8 финал кезеңінде Марал Төлепберген үндістандық Джойшри Деви Широммен жұдырықтасады.
Ал 50 келі салмақта 1/16 финалда Арман Мырсабит грузиялық Шалва Беридземен рингке шығады.
Кешкі сессия (15:00) барысында 48 келіде Асылай Мұрат өзбекстандық Мафтуна Мусурмоноваға қарсы жекпе-жек өткізеді.
60 келі салмақта Жасмин Абрамян польшалық Мария Горзеланнамен кездеседі.
Айта кетейік, барлық жекпе-жектердің тікелей трансляциясы мен нәтижелері «СПОРТ МИНИСТРІ» Telegram арнасында жарияланады.



