ММАТРЕНДТЕ

Қазақстандық жекпе-жек шебері UFC-де сенсация жасады

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожай (11-2) АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 326 турнирінде сенсациялық жеңіске жетті.

Қазақстандық спортшы бразилиялық дебютант Рафаэл Тобиаспен (14-2) кездесті. Жекпе-жек жартылай орта салмақта өтіп, үш раундқа жоспарланған болатын.

Тартысты өткен кездесу төрешілердің шешімімен Дияр Нұрғожайдың пайдасына аяқталды. Айта кетерлігі, бұл кездесуде фаворит ретінде бразилиялық спортшы саналған еді.

Осылайша, Дияр Нұрғожай кәсіби мансабындағы 11-ші жеңісіне қол жеткізді. Бұл оның UFC-дегі алғашқы жеңісі болды. Бұған дейін қазақстандық файтер ұйым аясында екі рет жеңіліс тапқан еді.

Ал Рафаэл Тобиас кәсіби ММА мансабында екінші рет жеңілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button