ДЗЮДО

Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа кубогында үздік шықты

Түркияның Анталия қаласында өткен дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогында Қазақстан құрамасы табысты өнер көрсетті.

Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық дзюдошылар 6 алтын, 3 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды. Осы нәтижемен Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

Алтын медаль иегерлері: Бекарыс Құдайберген (-50 кг), Баубек Ахмет (-60 кг), Бекали Еркен (-73 кг), Әділжан Жаудинов (+90 кг), Фатима Сұпығалиева (-52 кг) және Інжу Жұмажан (-57 кг).

Күміс жүлдені Расулхан Ғабит (-60 кг), Еркеназ Сембек (-57 кг) және Тоғжан Төлеубай (+70 кг) иеленді.

Ал Әділжан Нұрбекен (-50 кг), Ерік Үсенов (-66 кг), Нұралы Мәулетхан (-73 кг), Шыңғыс Қонысбек (-90 кг), Ердәулет Жұмабай (+90 кг), Адия Жұмахмет (-40 кг) және Зере Талғатқызы (-48 кг) қола медальға қол жеткізді.

Айта кетейік, Анталиядағы жарысқа 21 елден 550 жас дзюдошы қатысып, жүлделерді сарапқа салды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button