БОКСТРЕНДТЕ

Бангкоктағы жастар турнирі: Қазақстан боксшылары тағы төрт жеңіске жетті

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан World Boxing Futures Cup (U19) лицензиялық турнирінде қазақстандық боксшылар сәтті өнер көрсетуді жалғастырып жатыр.

9 наурыздағы жекпе-жектерде Қазақстан құрамасының төрт өкілі шаршы алаңға шығып, барлығы да қарсыластарынан басым түсті.

57 келі салмақ дәрежесінде Ақнұр Тұрсынғали жапониялық Шикка Азуманы айқын басымдықпен жеңді. Төрешілер шешімі — 5:0.

55 келіге дейінгі салмақта Едіге Нұрқожа пуэрторикалық Джастин Монталвоны 4:1 есебімен ұтты.

60 келіде Досжан Жұмақан гватемалалық Лионель Хернандесті сенімді түрде жеңіп, жекпе-жекті 5:0 есебімен аяқтады.

Ал 65 келі салмақ дәрежесінде Даниял Шалқарбай швециялық Уилмер Олсонды 5:0 есебімен жеңіп шықты.

Осылайша Қазақстан боксшылары турнирде жеңісті сериясын жалғастырып, келесі кезеңге жолдама алды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button