ҚЫСҚЫ СПОРТ
Шорт-тректен 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар белгілі болды

Шорт-тректен Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы Канаданың Монреаль қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады.
Әлем біріншілігінде Қазақстан намысын тоғыз спортшы қорғайды. Құрама сапына Денис Никиша, Абзал Әжіғалиев, Әділ Ғалиахметов, Нұртілек Қажғали, Айбек Насен, Яна Хан, Малика Ермек, Алина Әжіғалиева және Ольга Тихонова енді.
Айта кетейік, шорт-тректен әлем чемпионаты 13–15 наурыз аралығында Монреаль қаласында өтеді. Турнирде әлемнің үздік спортшылары жүлделі орындар үшін бақ сынайды.



