БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Милад Карими спорттық гимнастикадан Бакудегі Әлем кубогы кезеңінің күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңінде күміс медаль жеңіп алды.

Карими еркін жаттығулар бағдарламасының финалында 14.300 ұпай жинап, екінші нәтиже көрсетті. Осылайша қазақстандық спортшы жарысты күміс жүлдемен аяқтады.

Бұл бағдарламада алтын медаль Беларусь өкілі Егор Шарамковқа бұйырды. Ол финалда 14.533 ұпай жинады. Ал жапониялық Казуки Минами 14.200 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.

Сондай-ақ 7 наурызда қоссырықтағы жаттығулар бойынша финал өтті. Қазақстандық гимнаст Дмитрий Патанин 13.166 ұпай жинап, жарысты жетінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, алдағы күндері Қазақстан құрамасының спортшылары тағы бірнеше финалда өнер көрсетеді. Милад Карими мен Диас Тойшыбек кермедегі жаттығуларда бақ сынаса, Зейнолла Ыдырысов пен Нариман Курбанов ат снарядындағы жаттығуларда жүлдеге таласады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button