
Дзюдодан Қазақстан құрамасының спортшысы Әділет Алмат Австрияның Линц қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде алтын медаль жеңіп алды.
Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады. Жарыс барысында ол қарсыластарынан басым түсіп, финалға дейін жетті.
Ақтық сында Әділет Алмат әзірбайжандық Вусал Галандарзадемен белдесті. Нәтижесінде қазақстандық балуан айқын басымдықпен жеңіске жетіп, турнирдің алтын жүлдесін иеленді.
Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынында екі жүлде бар. Бұған дейін Шерзод Давлатов (60 келіге дейін) қола медаль жеңіп алған болатын.



