ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Асылхан Асан фристайл-акробатикадан Еуропа кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасының спортшысы Асылхан Асан фристайл-акробатикадан Швейцарияның Айроло қаласында өтіп жатқан Еуропа кубогы кезеңінде алтын медаль иеленді.

Қазақстандық спортшы ерлер арасындағы жекелей жарыста үздік нәтиже көрсетіп, жарыстың жеңімпазы атанды. Төрешілердің шешімі бойынша Асылхан Асан 99.84 ұпай жинады.

Екінші орынды Украина өкілі Роман Бондарчук иеленді. Ол 99.45 ұпай жинады. Ал үшінші орын канадалық Эллиот Примоға бұйырды — 93.76 ұпай.

Осылайша қазақстандық спортшы Еуропа кубогының кезеңінде топ жарып, Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медаль салды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button