ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Қазақстан дзюдошылары Австриядағы Гран-приде бір қола медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы дзюдодан Австрияның Линц қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінің алғашқы жарыс күнін бір қола медальмен аяқтады.

Бұл күні ел құрамасының төрт спортшысы қола жүлде үшін татамиге шықты. Алайда олардың тек біреуі ғана жүлдегерлер қатарына қосылды.

Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта қазақстандық дзюдошылар арасындағы белдесуде Шерзод Давлатов командаласы Аман Бақытжанды жеңіп, қола медальға қол жеткізді.

Ал 48 келіге дейінгі салмақта Әбиба Әбужақынова нидерландтық Амбер Герсьестен жеңіліп қалды.

Сонымен қатар Ғұсман Қырғызбаев қола жүлде үшін өткен белдесуде испаниялық Адриан Чинарро Ниетоға жол берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button