ФУТБОЛ
Қазақстан әйелдер құрамасы Беларусьтен жеңілді

Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Беларусь командасымен кездесіп, 0:1 есебімен жеңіліс тапты.
Кездесудің алғашқы таймында есеп ашылған жоқ. 37-минутта Қазақстан құрамасының ойыншысы Камила Жұмабайқызы пенальти орындағанымен, мүмкіндікті пайдалана алмады.
Екінші таймда Беларусь құрамасы шабуылын үдетіп, 71-минутта жеңіс голын соқты. Осылайша матч 0:1 есебімен аяқталды.



