ҚЫСҚЫ СПОРТ
Конькимен жүгіру: әлем чемпионатының алғашқы күнінде қазақстандықтардың нәтижесі белгілі болды

Нидерландтың Херенвен қаласында конькимен жүгіруден спринтерлік көпсайыс бойынша әлем чемпионаты өтіп жатыр. Аталған жарыста Қазақстан намысын Артур Галиев пен Арина Ильященко қорғауда.
Чемпионаттың алғашқы күні спортшылар 500 және 1000 метр қашықтықтарында жарыс жолына шықты. Осы екі сайыстың қорытындысы бойынша қазақстандықтар аралық есепте төмендегі орындарға тұрақтады:
Артур Галиев – 26-орын (жалпы 70.905 ұпай)
Арина Ильященко – 19-орын (77.660 ұпай)
Бүгін, 6 наурызда, осы қашықтықтар бойынша екінші жарыстар өтеді. Сол бәсекелердің нәтижесінде жиналған ұпай санына қарай әлем чемпионатының жеңімпаздары анықталады.
Қазіргі уақытта жалпы есепте нидерландтық спортшылар Фемке Кок пен Йеннинг де Бу көш бастап тұр.



