
Халықаралық бокс федерациясы (IBF) ақпан айына арналған жаңартылған рейтингін жариялады.
Жаңартылған тізімге сәйкес, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына қарамастан орта салмақтағы әлем чемпионы титулын сақтап қалды.
Сондай-ақ рейтингте тағы бір қазақстандық спортшы Сұлтан Зауырбек бірінші жеңіл салмақ дәрежесінде үшінші орынға көтерілді.
Қазіргі уақытта Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстан бір жылға уақытша шеттетілген. Ол жыл соңына дейін міндетті жекпе-жек өткізуі тиіс.
Еске салайық, бұған дейін Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) спортшының допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний заты анықталғанына қарамастан, чемпиондық белбеуін сақтап қалу туралы шешім қабылдаған еді.



