
Таиландтың Бангкок қаласында World Boxing ұйымының бастамасымен 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында алғаш рет Futures Cup халықаралық турнирі өтеді.
Осы беделді жарысқа қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды.
Ерлер
50 кг дейін – Арман Мырсәбит
55 кг дейін – Едіге Нұрғожа
60 кг дейін – Досжан Жұмақан
65 кг дейін – Даниял Шалқарбай
70 кг дейін – Бибарыс Әшірбай
75 кг дейін – Хамза Мақсатұлы
80 кг дейін – Тимур Тайбеков
85 кг дейін – Нұрсұлтан Қыстаубай
90 кг дейін – Жалғас Утебеков
90 кг жоғары – Владислав Саможонов
Әйелдер
48 кг дейін – Асылай Мұрат
51 кг дейін – Айым Танкибаева
54 кг дейін – Марал Төлепберген
57 кг дейін – Ақнұр Тұрсынғали
60 кг дейін – Жасмин Абрамян
65 кг дейін – Айсұлу Мұхит
70 кг дейін – Камила Оспанова
75 кг дейін – Зарина Толыбай
80 кг дейін – Айдана Убайдуллақызы
Айта кетейік, халықаралық турнир 8–15 наурыз аралығында өтеді.



