
Таиландтың Районг қаласында еспелі слаломнан халықаралық рейтингтік турнир өтіп жатыр.
Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына қола медаль түсті.
Қазақстандық спортшы Владислав Рябко каяк-кросс бағдарламасында сәтті өнер көрсетіп, үшінші орынға ие болды.
Турнирде Аустралия өкілі Севан Билло жеңімпаз атанса, Өзбекстан спортшысы Самандар Сайдуллаев екінші орын алды.



