ҚЫСҚЫ СПОРТ
Конькимен жүгіруден әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

5–8 наурыз күндері Хееренвеен қаласында конькимен жүгіруден классикалық және спринтерлік көпсайыс бойынша әлем чемпионаты өтеді.
Әлемдік додада Қазақстан намысын үш спортшы қорғайды.
Надежда Морозова классикалық көпсайыста өнер көрсетеді. Ал Арина Ильященко мен Артур Галиев спринтерлік көпсайыс бағдарламасында бақ сынайды.
Ұлттық құрама өкілдері әлем чемпионатында жоғары нәтиже көрсетуге ниетті.



