
Қазақстан әйелдер құрамасы бүгін 2027 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізеді. Қарсылас – Армения құрамасы.
Кездесу Қазақстан уақытымен 19:55-те басталады. Матч «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Іріктеу кезеңінде қазақстандық футболшылар Армения және Беларусь құрамаларымен ойнайды. Кездесулер наурыз, сәуір және маусым айларында өтеді.
Жақында ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне тағайындалған Бегайым Қырғызбаева алғашқы оқу-жаттығу жиынына 27 футболшыны шақырды. Оның айтуынша, команда ұзақ үзілістен кейін үлкен футболға қайта оралып отыр және әр матч – өз мүмкіндігін дәлелдеуге берілген маңызды сынақ.
Қазақстан әйелдер құрамасының құрамы
Қақпашылар:
Ангелина Портнова («Астерас Триполис», Грекия), Назым Исмайлова («БИІК-Шымкент»), Виктория Зейнали («Елімай»).
Қорғаушылар:
Александра Бурова, Бибігүл Нұрышева (екеуі де – «БИІК-Шымкент»), Анастасия Власова («Ақтөбе»), Қазына Нұрбаева («Гурник Ленчна», Польша), Томирис Рахатжан («Қайрат»), Александра Набокова («Шахтер»), Кристина Шустова («Елімай»), Аделия Бекқожина («Жеңіс»), Анель Бланк («Қызыл-Жар»), Анеля Сұңқарова («Астана»), Анеля Берікова («Будучность», Черногория).
Жартылай қорғаушылар:
Ксенья Хайрулина, Эльмира Абдулаева (екеуі де – «Қайрат»), Карина Жұмабайқызы («Ақтөбе»), Адина Бейбут («Астана»), Анастасия Низамутдинова («Енисей», Ресей).
Шабуылшылар:
Аида Гайстенова, Әселхан Тұрлыбекова, Екатерина Бабшук (бәрі – «Ақтөбе»), Назым Алданазар, Полина Тучина (екеуі де – «Қайрат»), Анеля Мамырова, Фатима Сатығалиева (екеуі де – «Елімай»), Амина Бибосынова («Турбине Потсдам», Германия).
Айта кетейік, 3 және 7 наурыз күндері елордадағы «Астана Аренада» Армения және Беларусь құрамаларына қарсы ойындар өтеді.



