ТАЕКВОНДОТРЕНДТЕ

Қазақстандық таеквондошылар Bulgaria Open-2026 турнирінде 11 медаль еншіледі

Софияда (Болгария) өткен Bulgaria Open-2026 халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп, жалпы 11 жүлде жеңіп алды.

Алтын медальді Еркебұлан Еңсегенов (54 кг дейін), Тоғжан Қазнабек (57 кг дейін), Жавохирхон Исламов (58 кг дейін), Эльдар Бірімбай (74 кг дейін) және Батырхан Төлеуғали (80 кг дейін) иеленді.

+87 кг салмақ дәрежесінде Бейбарыс Қаблан күміс жүлдеге қол жеткізді.

Қола медальдарға Айдана Құмартаева (46 кг дейін), Жанель Сұлтанғалиева (46 кг дейін), Нодира Ахмедова (49 кг дейін), Жазира Иссина (57 кг дейін) және Батырхан Кусетов (80 кг дейін) ие болды.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан екінші орын алды. Бірінші сатыға Ресей көтерілсе, Иордания үздік үштікті қорытындылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button